Баланы аяқтан айырған апат: ІІМ рақымшылыққа қатысты пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада баланы екі аяғынан айырған көлік апатына кінәлі жүргізушінің рақымшылыққа ілігуі әділетті ме? Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевқа ОКҚ алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында осындай сұрақ қойылды.

Фото: Astanovka98

— Жалпы біз материал әзірлейміз. Әрі қарай ол материал сотқа жолданады. Шешімді сот шығарады. Біздің сот шешіміне килігуге хақымыз жоқ. Сот шешім қабылдады ма, яғни бұл заңды, — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Еске салсақ, маусым айында елордадағы автобус апатының салдарынан бір баланың екі аяғы бірдей кесілген болатын. 

«Еуразия» сақтандыру компаниясы зардап шеккен қыз баланың отбасына 19,66 миллион теңге көлемінде жедел сақтандыру төлем жасады.

Автобус апатынан аяғынан айырылған қыз бала мемлекеттік жәрдемақы алатыны анықталды.

Кейіннен 2 аяғынан айырылған бүлдіршін үйден оқитыны айтылды.