Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Ол 2- шілде күні бейтаныс адамға қолында бар ақшасын ұстатып жіберген.
«40 жастағы ақтөбелік бейтаныс адаммен дәмханада кездесіп, келіскен. Күдікті қаладағы университеттерінің біріне «ақысыз бөлімге» оқуға түсуге жәрдемдесетінін айтып, қызметі үшін 1 300 000 теңге көлемінде сыйақы алды. Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.