Терроризмге қарсы операцияның аяқталуы және оны өткізу аймағындағы құқықтық
режимнің әрекеті туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел
штаб хабарлады.
Сонымен қатар, Қарағанды облыстық жедел штабы сақталып отырған террористік
қауіпке байланысты Балқаш қаласының аумағында «сары» деңгей енгізген.
«Азаматтардан енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарауды және мемлекеттік және құқық қорғау органдарының талаптарын мүлтіксіз сақтауды сұрайды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабында.