Балқаш көлінде 100 келіден астам балықты заңсыз аулаған браконьер сотталды

Фото: Қарағанды облыстық ПД

АСТАНА. KAZINFORM — Ер адамның қайығы мен балық аулау құралдары тәркіленіп, өзі үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Өткен жылдың күзінде Мойынқұм ауданының тұрғыны Балқаш көлінен заңсыз балық аулап, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. 

Ол 112 келіден астам балық аулап, мемлекетке 576 000 теңгеден астам шығын келтірген.

Сот отырысы барысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Айыптаушы тарап үш жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.

Сот кінәні мойындауды және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, ауыл тұрғынын заңсыз балық аулағаны үшін кінәлі деп таныды және үш жыл мерзімге балық аулау құқығынан айырып, үш жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Сонымен қатар, сотталған тұрғын мемлекетке келтірілген шығын сомасын төлеуге міндеттелді. Моторлы қайық, борттық мотор, торлар мен заңсыз ауланған балықтар тәркіленіп, мемлекет меншігіне өтті.

Бұған дейін Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды.

Айта кетейік, Жамбыл облысында заңсыз аңшылықтан келген залал 92 млн теңгеден асты.