15 маусым күні сағат 16.20-да Балқаш жылу электр орталығында НТҚ-10,5 кВ II секциясы өшірілген еді.
Станса қызметкерлері жеке және заңды тұтынушыларды резервтік қуатқа ауыстыру бойынша шара қабылдады.
Ауыстыру 5 минуттан 10 минутқа дейін созылды.
Қайта қосылудан кейін қызметкерлер стансаны Қазақстан Республикасының біртұтас энергетикалық жүйесіне қосып, жұмысын қалпына келтіру үшін бүкіл шараларды қабылдады.
«Қазіргі уақытта Балқаш жылу электр орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Апат жойылып, жүктеме қалпына келді» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін Балқаш ЖЭО-сында апат болып, жағдайға қала әкімдігі түсінік берген болатын.
«Балқаш ЖЭО-да ГРУ жүйесі түтіндеп, бірнеше құрылғы істен шықты. Жұмыс тобы ақауды бірден қалпына келтірді. Қалада электр қуатына байланысты мәселе жоқ. Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр»,-деп хабарлады қала әкімдігінен.