«Балық ресурстарын заңсыз аулаудың жолын кесу үшін Ішкі істер министрлігі «Балқаш» көлінде «Браконьер» операциясын жүргізуде. Оған ІІМ Орталық аппаратының қызметкерлері, Қарағанды мен Алматы облыстарының полициясы, табиғатты қорғау ұйымдарының мамандары жұмылдырылған», - деді ол.
Ресми өкілдің атап өтуінше, 17 мамырдан бері 200 құқық бұзушы ұсталып, шамамен 300 шақырым тыйым салынған балық ауы, шамамен 1 мың балық аулайтын ілмек, 32 моторлы қайық және 8 тоннадан астам балық және балық өнімдері тәркіленген.
«173 әкімшілік хаттама толтырылып, 14 қылмыстық іс қозғалды», - деді Нұрділдә Ораз.