«Екібастұз қаласындағы Энергетиктер көшесінде 46 жастағы ер адам алкогольді мас күйде үшінші қабаттағы балконнан төсек жаймасы арқылы төмен түспек болып, құлап кетті», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ер адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Алайда ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмған.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске салсақ, 8 маусым күні Павлодарда 47 жастағы әйел мас күйде бесінші қабаттағы балконнан құлап кеткен болатын. Аман қалған ол жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.