«Бәріміз ондай жайтқа тап болған шығармыз. Қонақүйге барсаңыз, жеке куәлік сұрайтын. Сұрап қана қоймай қағаздағы көшірмесін алып қалатын. Ондай жағдай екінші деңгейлі банктерде де, өзге ұйымдарда да болған. Қазір жеке басты куәландыратын құжаттың қағаздағы көшірмесін жинауға заңмен тыйым салынған», - деді комитет басшысы.
Бұған дейін Қазақстанда қонақүй саны 2 237-ге жеткенін жазған болатынбыз. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 36-ға артық. Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды.
Ең көп қонақүй Алматы (232) және Астана (190) қалаларында, сондай-ақ Қарағанды облысында (139).