Президент жұбайымен тұрған сахнада өнер көрсеткен нөмірлердің бірінде балалар келіп Майкл Джексонның Thriller әніне зомби биін биледі. Мұны көрген ерлі-зайыпты Обамалар қошеметтеп қол соқты да артынша бірге билеп кетті.
БАҚ деректеріне сүйенсек, кеш 31 қазанда өткен. Оған 4 мыңнан астам адам қатысты - негізінен жергілікті мектептерден кіші сынып оқушылары, сондай-ақ әскери қызметшілердің отбасы мүшелері. Жиналған қауымға конфеттер мен басқа да тәттілер таратылды, деп хабарлайды newsru.com.