Бәрін бақылау мүмкін болмай жатады – ҚАЖК бастығы түрмедегі азаптау жайлы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Дархан Қанатбеков Алматы облысындағы ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандарды азаптау жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынында да, жекекемшіліктер баршылық. Алайда бүгінгі таңда Қазақстанда түрмедегі адамдардыңсаны 100 мыңнан 29 мыңға азайғанын атап өткім келеді. Яғни, бас бостандығынанайыру орындарында тек қылмысы ауыр адамдар ғана қалды. Көптеген азаматтар сотүкімімен келіспеуі мүмкін. Сол үшін аштық жариялап та жатады. Мұндайоқиғалардың әрбірі бойынша тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Кінәлілердің бәріжазасын алып жатыр. Бізде 82 мекеме (бас бостандығынан айыру орындары) бар.Бәрін бақылау кейде мүмкін болмай жатады», - деді Дархан Қанатбеков Ішкі істерминистрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әділетполковнигінің айтуына қарағанда, жыл басынан бері бас бостандығынан айыруорындарында әртүрлі бұзушылықтары үшін 1 500 қызметкер жазаға тартылған. Атапайтқанда, түрме қызметкерлеріне сөгіс, қатаң ескерту жарияланып, жауаптықызметіне толыққанды сай емес қатардағылар да жазасыз қалмаған.

«Аталмыш фактбойынша (Алматы облысындағы колониядағы азаптау жағдайы) 7 адам қызметіненкетті. Үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бақылау комиссиялары өкілдері түрмелердіаралап келгеннен кейін де бізге шағымдар келіп түсіп жатыр. Барлық ұсыныстармен ескертулер бойынша қатаң шара қабылдап келеміз», - деді ол.

Еске сала кетсек,бұған дейін әлеуметтік желілерде формадағы адамдардың тұтқынға жәбір көрсетуітуралы видео тараған еді. Алматы облысында болған оқиғаның бейнежазбасы қоғам наразылығын тудырды.

Ақыры, Алматыоблысындағы ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандарды азаптаған қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Колония басшылығы жұмыстан кетті.

Соңғы жаңалықтар