Қазақстандық «Барыс» командасы аздаған үзілістен кейін Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы төрт ойынын елордада өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.
Елордалық клуб алдымен өз айдынында 15 қаңтар күні Ресейдің «Лада» (Тольятти) клубын қабылдайды. Одан кейін 16 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 19 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу), 22 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубтарымен шеберлік байқасады.
Турнир кестесінде «Барыс» қазір 49 ойыннан кейін 40 ұпаймен 19-орында тұр.
Айта кетсек, бұдан бұрын Құрлықтық кубок ойындарында «Номад» екі мәрте жеңіске жетті. Алдымен «Хернинг Блю Фокс» (Дания) клубынан 5:2 есебімен басым түссе, одан кейін Уэльстің «Кардифф Девилз» клубын 7:2 есебімен сүріндірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.