АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасының 2024/25 жылдар маусымындағы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын қашан өткізетіні белгілі болды.
Елордалық клуб жаңа маусымды өз айдынындағы ойындар сериясымен бастайды. Алғашқы үш кездесуін Ресейдің «Нефтехимик» (4 қыркүйек), «Трактор» (6 қыркүйек) және «Амур» (9 қыркүйек) командаларына қарсы өткізеді.
Айта кетсек, биыл Дэвид Немировски «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Канадалық маманмен жасалған келісім-шарт бір жылға есептелген.
Дэвид Немировски Құрлықтық хоккей лигасында 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Алдымен «Адмиралда» спорттық директор қызметін атқарғаннан кейін төрт жыл бойы «Торпедо» командасын жаттықтырып, үш мәрте Гагарин кубогы плей-офф кезеңіне шықты.
Екі жылдан бері елордалық клуб Құрлықтық хоккей лигасында плей-офф сатысына шыға алған жоқ.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.