АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 7 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.
Ойын елорда уақытымен 19:00–дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 63 мәрте кездескен. Оның 38-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі төрт ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 11 және 13 қараша күндері Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубымен кездессе, одан кейін 15 қарашада «Салават Юлаев» (Уфа), 17 қарашада «Сочи» командаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, «Барыс» елордада «Ак Барсқа» буллиттен есе жіберді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.