«Барыс» қатарынан он бірінші мәрте жеңіліп қалды

Фото: Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 19 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізді.

Қатарынан он мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан елордалық клуб турнир кестесінде соңғы орынды місе тұтып тұр. Ал ресейлік клуб биыл сәтті ойын көрсетіп, көш басында келеді. 

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Сондықтан қазақстандық ұжым үшін бүгінгі ойын оңайға соқпайтыны белгілі еді. Соған қарамастан бірінші кезеңде екі команда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Екінші кезеңде алғашқы минуттан ресййлік команда белсенділікті арттырды. Нәтижесінде олардың қатарынан Александр Радулов 20-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Одан кейін Байрон Фрейз 25-минутта мергендік танытса, 38-минутта Александр Радулов тағы бір мәрте көзге түсті.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберіп, қатарынан он бірінші ойында жеңілістің ащы дәмін татты.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 23 қаңтарда Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасымен кездессе, 26 қаңтарда «Ак Барс» (Қазан) клубымен ойнайды.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform