«Барыс» бүгін елордада «Локомотив» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 19 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 17:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 34 мәрте кездескен. Оның 11-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 25 ұпаймен 23-орында тұрса, «Локомотив» 76 ұпаймен 1-орында келеді.
Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 23 қаңтарда Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасымен кездессе, 26 қаңтарда «Ак Барс» (Қазан) клубымен ойнайды.
Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын ресейлік «Ак Барсқа» есе жіберді.