Кездесуде ресейлік команда алғашқы минуттан белсенділік көрсетті. Жиі шабуыл ұйымдастырып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді.
Олардың қатарынан Александр Скоренов 9-минутта есеп ашса, 26-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты.
Ал «Барыс» сапынан Әлихан Әсетов 38-минутта өз мүмкіндігін мүлт жібермей, есеп айырмасын қысқартты.
Үшінші кезеңде ресейлік клубтан Никита Коростелёв 45, Кирилл Пилипенко 48-минутта екі гол соқса, оған Антон Бурдасов 49, 56-минутта мергендік танытты.
Ойынның 59-минутында «Северсталь» сапынан Александр Скоренов қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді. Салдарынан жетінші кездесуде қатарынан жеңілістің ащы дәмін татты.
Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездескен. Оның 17-сi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі төрт ойынын қатарынан сырт айдында өткізеді.
Алдымен 8 желтоқсанда СКА (Санкт-Петербург) командасымен кездессе, одан кейін 17 желтоқсанда «Динамо» (Мәскеу), 19 желтоқсанда қытайлық «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің), 21 желтоқсанда «Трактор» (Челябі) клубтарымен шеберлік байқасады.