«Барыс» бүгін Ресейде «Северсталь» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 4 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізеді.

Барыс ХК
Фото: Барыс ХК

Ойын елорда уақытымен 19:20-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездескен. Оның 17-сi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 21 ұпаймен 22-орында тұрса, «Северсталь» 36 ұпаймен 12-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі төрт ойынын қатарынан сырт айдында өткізеді.

Алдымен 8 желтоқсанда СКА (Санкт-Петербург) командасымен кездессе, одан кейін 17 желтоқсанда «Динамо» (Мәскеу), 19 желтоқсанда қытайлық «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің), 21 желтоқсанда «Трактор» (Челябі) клубтарымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» алтыншы рет қатарынан жеңілді.

Соңғы жаңалықтар