АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы Ресейдің Омбы қаласында шайбалы хоккейден Блинов турниріне қатысады.
Биыл отызыншы мәрте жалауын көтеретін турнирге барлығы бес команда қатысады.
Олардың қатарында Ресейдің «Авангард» (Омбы), «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір) және «Трактор» (Челябинск) командалары бар.
Дәстүрлі турнир 20-25 тамыз күндері өтеді.
Айта кетсек, елордалық клуб жаңа маусымды өз айдынындағы ойындар сериясымен бастайды.
Алғашқы үш кездесуін Ресейдің «Нефтехимик» (4 қыркүйек), «Трактор» (6 қыркүйек) және «Амур» (9 қыркүйек) командаларына қарсы өткізеді.
Сондай-ақ биыл Дэвид Немировски «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Канадалық маманмен жасалған келісімшарт бір жылға есептелген.
Дэвид Немировски Құрлықтық хоккей лигасында 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.