— 28 мамырда Қазақстан бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетейік, Қызылордада экологиялық инфрақұрылымды күшейтуге 26 техника берілді.
Сондай-ақ Астанада 2026–2028 жылдарға арналған экологиялық жоспар таныстырылды.