Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық мақаласында балалардың, жасөспірімдер мен жастарды рухани-парасаттылық тәрбиесінің тәсілдері жеткіліксіздігіне назар аударған болатын. Ал Т. Өмірзақовтың пайымынша, тәрбие, тәртіпті көтеру, оқуға ынталандыру, балалардың тең құқығын сақтау құралдарының бірі киім үлгісіне талабы болып табылады.
«Мектеп формасы Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Канада елдерінде кеңінен таралған. Сингапур, Жапония және Түркияда мектеп формасы міндетті болып саналады. Кеңестік мектеп формасы кеңес балаларының теңдігін және бірыңғайлығын қамтамасыз ететін. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті. Алайда бұл норма, тәжірибе жүзінде оқу орындарының көбінде іске асырылмай келеді», - дейді депутат. Осыған орай, Т. Өмірзақов барлық мектептерде міндетті киім үлгісін енгізуді заңнамалық түрде бекіту қажеттігін алға тартады.
«Біріншіден, мектеп формасын енгізу білім алушылардың теңдігін, олардың әлеуметтік және материалдық жағдайына қарамастан, қамтамасыз етуіне мүмкіндік туғызады. Бұл балалардың психологиялық бұзылыстары тәуекелін тиісінше төмендетеді. Халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiне мемлекет есебінде мектеп формасын беруге болады, бұл оларға қосымша қолдау көрсету болып табылар еді. Екіншіден, мектеп формасына деген бірыңғай талаптар оқушылар денсаулығының сақтап қалуы мен нығаюын қамтамасыз етеді. Егер де біз тамақтануға, оқушылар қауіпсізідігі үшін мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне бірыңғай талаптарын қолданатын болсақ, соғұрлым киімге де қатаң талаптар қойылуы тиіс. Үшіншіден, отандық жеңіл өнеркәсібі үшін жаңа нарық тауашасы пайда болады. Мектеп формасына мемлекеттік сұраныс жеңіл өнеркәсібіне күш қосар еді. Бұл ретте мектеп формасы бағасына мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету маңызды. Мектеп формасы қолжетімді, әрі сапалы болуы тиіс». - деді ол. Еске сала кетсек, қазіргі таңда еліміздегі оқушылардың жалпы саны 2,5 млн. баланы құрайды.