«Елорданың білім басқармасы кеше барлық мектептердің спорт алаңдарын тексеруге тапсырма берді. Астанада ғана емес, еліміздің барлық өңірінде спорт алаңдары мен құрал-жабдықтар тексеріледі», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет кулуарында.
Еске сала кетсек, кеше Астанадағы №10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетсек, маусым айында Ақтауда басына футбол қақпасы құлаған 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды.
Ал, мамыр айында 13 жасар бала Теміртаудағы спорт кортында жарақат алды. Баланың басына футбол қақпасы құлаған.