Попова көшесінде №96 үй маңындағы апат құбырдың беріктігін тексеру кезінде орын алды. Атқылаған су пәтерлердің терезесін сындырып, үй биіктігінен де асып түсті. Бұл нысан мектеп жанында орналасқан.
«Попов және Антон Петров көшелерінің қиылысындағы магистральды құбыр жарылды», - деп атап өтті Барнауыл «Сібірлік компания» филиалының баспасөз қызметінде.
Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта апатты учаскеде су беру тоқтатылды. Құбыр судан ағытылды. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеуде.