«Барыс» ойыншылары қазақстандықтарды 3 тілде құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық «Барыс» хоккей командасының ойыншылары Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның әнұранын шырқап, отандастарымызды ұлық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Онда хоккейшілер отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әнұранды шырқағаны түсірілген. Сонымен қатар, команданың ойыншылары қазақстандықтарды үш тілде құттықтады.


Айта кетсек қазақстандықтар бүгін ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Бір облыста автокөліктердің шеруі ұйымдастырылса, басқа өңірлерде отандастарымыз Туды балконға іліп, жаңа челлендж бастады.