НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» командасының алдағы маусымға дайындық жоспары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлім болғанындай, «Барыс» хоккейшілері 13 шілдеде демалыстан шығады. Одан кейін медициналық бақылаудан өткізіледі. Ал 15 шілдеден бастап екі апталық оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін арттырады.
Хоккейшілер елордада 5-9 тамыз күндері өтетін Президент кубогы турниріне қатысады, Ал 11-14 тамызда Ресейдің Магнитогорск қаласында жалауын көтеретін Иван Ромазан мемориалында ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, бірнеше жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Ал жаңа маусымдағы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты 2 қыркүйекте басталады деп күтілуде.
Бұдан бұрын шайбалы хоккейден Павлодардың «Ертіс» командасы қатысатын Құрлықтық кубогқа іріктеу қалай өтетіні хабарланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.