Бас әскери прокуратура Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Бас әскери прокуратура Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры лауазымына Роман Снопов тағайындалды.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Роман Снопов 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетінде білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде бастаған. Кейін Қызылорда әскери прокуратурасында түрлі жауапты қызмет атқарған.

Ал кеше ҚР Бас прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Ерлан Алмазұлы Қызылорда қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды.