Ведомство мәліметіне сәйкес, олар бұзушылықтардың себептерін жою жөнінде жеке ұсынымдарды жергілікті атқарушы органдарға және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері саналатын мемлекеттік органдарға жолдау құқығына ие болады.
Сондай-ақ бұзушылықтардың жүйелі себептерін жою үшін шаралар қабылдауды талап ете алады.
— Бұл өкілеттіктер балалар мекемелерінде және әлеуметтік сала ұйымдарында анықталған қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, — делінген комитет хабарламасында.
Бұдан бұрын санитариялық қызмет мамандарының біліктілік жүйесіне енгізілген өзгерістер күшіне енгенін жаздық.