Мәжілістің жалпы отырысынан кейін болған баспасөз мәслихатында тілшілер Бас прокурордан күдікті «Дикий Арманның» мәлімдемесі жайында сұрады. Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратта «Дикий Арман» өзіне қатысты іске Ресейдің араласқанын алға тартқан.
Өз кезегінде Бас прокурор Берік Асылов бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Бұл өтірік ақпарат. Бізде ондай мәлімет жоқ», - деді Бас прокурор.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Берік Асылов Мәжілісте қаңтар оқиғасында Дикий Арман қандай қылмыстар жасағанын айтып берді.
Оны қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды.