«Дәл қазіргі сәтте дауыс беру процесінде өрескел заң бұзу деректері анықталмады, референдум қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Бүгін прокуратура органдарына республикалық референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ», - деді Б. Қараманов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Оның айтуынша, сот органдарына да талап-арыздар жолданбаған.
«Осы бағыттағы қадағалауды қамтамасыз етуді жалғастырып жатырмыз», - деді Бас прокуратура өкілі.
Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.
6 қазанда ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.