«Біз құрылыс материалдары бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Дәл қазір бірнеше тексеру жүріп жатыр. Мысалы, арматура – құрылыстағы маңызды матреиалдың бірі. Осы материалдың бағасы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнын тексеріп жатырмыз. Өткен аптада ғана бірнеше цемент зауытында тексеруді аяқтадық. Кірпіш өндірушілермен келісім комиссиясын өткіздім. Қазір бұл нарық бақылауда», - деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ, ол баспана бағасы туралы пікір білдірді.
«Халық жинаған ақшасының бәрін баспанаға салады. Сондықтан біз бұл мәселеге мониторинг жүргіземіз. Баға қатты өседі деп ойламаймын. Өйткені бұл халықтың төлем қабілетіне тікелей байланысты», - деді агенттік басшысы.