«Нарықтың құбылмалылығы кезеңінде біздің агенттік дизель отыны нарығында 2021 жылғы мамырдан маусымға дейін бағаларды төмендету туралы 19 хабарлама шығарды. Нарықтың барлық ірі қатысушылары (Газпромнефть-Қазақстан, Petro retail, Sinooil және Гелиос) бұл нұсқаулықты орындады. Ел бойынша бағалар орта есеппен 2%-ға төмендеді. 2021 жылғы наурыз бен сәуір аралығында Аи-92 бензинін өткізу нарығында бағалардың алыпсатарлық өсу әрекеттері байқалды. 14 хабарлама шығарылған соң бағалар орташа есеппен 3%-ға төмендеді», - деді С. Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі алқасының отырысында.
Оның айтуынша, 2021 жылы дизель отынының тапшылығына ықпал ететін мән-жайларды анықтау кезінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілері анықталған.
«Осыған байланысты нарықтың 12 субъектісіне тергеп-тексеру тағайындалды. Сондай-ақ, нарық субъектілерінің іс-әрекеттеріндегі бұзушылық белгілері туралы 9 хабарлама шығарылды. Хабарламалар орындалды және шектеу тоқтатылды», - деді С. Жұманғарин.