Бүгін Құрылтайда энергия үнемдеуге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында осы жылғы құрылыс қарқыны бойынша сұрақ қойылды.
Оның айтуынша, елде 20 млн шаршы метрден кем емес көлемде тұрғын үй салу ескерілген.
— Биылға жоспар бойынша 20,4 млн шаршы метр салуға дайынбыз. Өйткені 2024 жылы 19 млн шаршы метр, ал 2025 жылы 20,3 млн шаршы метр, сондай-ақ келесі жылы 20,4 млн шаршы метр ескерілген. Бұл нысандар жергілікті бюджет есебінен, кредиттік және арендалық үй, бизнес тарапынан салынады. 2026 жылдың қорытындысы бойынша 20,4 млн шаршы метр пайдалануға беріледі, — деді Қуандық Қажкенов.
Осы орайда вице-министр қазір 17 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынғанын айтты.
Бұған дейін осы жылы 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғанын жазған едік.