Департамент мемлекеттік қызметтер көрсетуде басымды стратегиялық бағыттардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жолында жедел әрі қауырт шаралар қабылдайды, деп жазады «Ақтөбе» басылымы.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында жүйелі әрі жоспарлы жұмыстар жүргізу үшін облыс әкімінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №222 қаулысымен департаментте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарлама» жасалды. Аталған бағдарламадағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында орындауға жауапты тұлғалардың жұмыстары өз мерзімінде жалпы жиналыста тыңдалып, бекітілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында департамент басшысы мен бөлім басшыларының мемлекеттік қызметтер көрсетуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізетін жұмыстарын тыңдау үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндері» өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күндерін өткізуде департамент қызметшілерінің мемлекеттік қызметтер көрсетуде жауапкершіліктері артып, жұмыс беруші мен тұрғындар арасында насихат жұмыстары белсенді жүргізілді. Бұл шараны өткізудегі басты мақсат - ең алдымен, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және департамент жұмысының айқындылығын әрі ашықтығын арттыру.
Департамент қызметкерлерімен бекітілген кестеге сәйкес аудандардағы көшпелі отырыстарда Президенттің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы» Жарлығы қоса кеңінен насихатталуда. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру мәселелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) өкілдерінің қатысуымен департаментте жалпы жиналыстарда кеңінен баяндалуда.
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламасын жүзеге асыруда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы үлкен жұмыстар атқаруда. Партияның облыстық филиалымен бірлесіп, азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес ағымдағы жылы партияның қоғамдық қабылдау бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық алдын алу шаралары өткізілді. Бұл шара кезінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшылығы азаматтарды қабылдады.
Азаматтар әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектік тобын белгілеу және мүгедектікті оңалту, санаторлық-курортты демалыс орындарымен және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жүгініп, департамент қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне, соның ішінде, сапасыз көрсетілген мемлекеттік стандартты қызметтерге, сонымен қатар департамент құзырына кіретін мәселелерге қатысты мемлекеттік ұйым қабылдаған шешімдерге өз арыз-шағымдарын білдіру мүмкіндіктерін иемденді.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық жағдайлары мен себептерінің пайда болуына жол бермеу, олардың алдын алу, жолына тосқауыл қою және оларды ескерте отырып жою бағытында өз жұмыстарын жүргізуде.
А.ҚҰРМАНБАЕВА