Иттің маңайына көмектескісі келетін адамдар жиналып қалған, алайда ол жұрттан қорқып, қашқақтай берді. Жебеден құтылғысы келген байғұс басын жерге сүйкей берді, деп хабарлады куәгерлер The Beijing News газетіне. Жаны ашыған адамдар полиция мен ветеринар шақырғанда, ит көрші тұйық көшеге қашып кетті.
Оны араада екі сағат уақыт өткен соң тапты. «Жебе дәл көзінің тұсынан тесіп өткен. Жарасы ауыр, алайда миы зақымданбаған», - деді ветеринар. Ит клиникаға жеткізілді, оның өміріне еш қауіп жоқ.