Назым Махмутова жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ох Сенгюді (2:0), финалда Сауд Арабиясының спортшысы Сабер Дунья Бушуайбтан басым түсіп, -73 кг салмақта алтыннан алқа тақты.
Ал отандасымыз Батырхан Төлеуғали (-87 кг) финалда Өзбекстан спортшысы Ёдгорбек Джурабоевты ұтып, жеңімпаз атанды. Батырхан бүгін жарыс барысында Оңтүстік Корея, Таиланд пен Өзбекстан өкілінен басым түсті.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық құрама еншісінде 3 қола медаль болған. Бүгін Қазақстан жарысты 2 алтын, 3 қола жүлдемен аяқтады. Биыл додаға әлемнің 49 елінен 427 спортшы қатысты.
Айта кетейік, Бекасыл Асамбек еркін күрестен U20 әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.