Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлады.
БҚО-да республикалық маңызы бар келесі жолдар жабылды:
— «Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-158 шақырым аралығындағы учаскесі (Казатловка елді мекенінен Жәнібек елді мекеніне дейін);
— «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-201 шақырым аралығындағы учаскесі (Чапай елді мекенінен Казталовка елді мекеніне дейін);
— «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автомобиль жолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскесі (Орал қаласынан РФ шекарасына дейін);
Жолды 2026 жылғы 4 қаңтар сағат 20:00–де ашу жоспарланған.
Бұдан бұрын Алматыда әуе рейстері ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатқанын жазғанбыз.