Өңірлер бойынша:
Батыс-Қазақстан облысы – 1 өрт.
Батыс Қазақстан облысында өрт ошағы мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында анықталды.
Өртті сөндіру жұмыстарына орман шаруашылығы мамандары мен арнайы техникалары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт ошағы толық өшірілді.
-Азаматтарды өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және отты пайдалану кезінде барынша сақ болуға шақырамыз,-делінген министрліктің хабарламасында.
Бурабай ұлттық паркінен өрт шыққаны туралы жаздық.