ОРАЛ. KAZINFORM — Жол-көлік оқиғасы 19 желтоқсан күні Самара-Шымкент жолының 270-шақырымында Теректі ауданы аумағында болды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолда ВАЗ-2112 автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Соның кесірінен Volkswagen Passat көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
— Жол апатынан ВАЗ-2112 автокөлігінің жүргізушісі мен Volkswagen Passat жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғағасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).