ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан алты адам зардап шекті деп хабарлайды, Кazinform тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 25 қазан күні шамамен сағат 18.55-те Атырау-Озинки жолының 22-шақырымында Бәйтерек ауданы Болашақ ауылы тұсында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша «Lada Granta» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «CHANGAN X5 PLUS» автокөлігімен соғысқан.
— Жол апаты салдарынан «CHANGAN X5 PLUS» автокөлігінің жолаушылары түрлі жарақат алды. Барлығы 6 адам зардап шегіп, олар Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады БҚО полиция департаменті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілгенін жазған едік.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы аумағына ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).