АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Риччоне қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтеді.
Бұл халықаралық жарысқа 26 елден 114 спортшы қатысады.
Қазақстан құрамасының сапында Данияр Түсіпов пен Егор Белюсенко сынға түседі. Отандастарымыз жекелей сайыста және синхронды секіруде ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, әлем кубогі кезеңі 2-4 қазан аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Денис Теннің құрметіне халықаралық турнир өтетінін хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.