«Бірінші орташа салмақтағы жекпе-жек 17 мамыр күні 10 раундтық форматта өтеді. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша айқас 18 мамыр күні сағат 07.00 кезінде басталады. Кездесуді «Хабар» арнасынан тамашалаңыздар», - делінген «Қазақстан кәсіпқой боксының» ВКонтакте парақшасында.
Еске сала кетсек, Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы анықталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Montreal Casino ойын-сауық кешенінде Жүкембаев жартылай орта салмақтағы 10 раундтық жекпе-жекте 30 жастағы мексикалық Луис Хесус Видалеспен (13-6, 6КО) жұдырықтасады. Видалес 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста. Бір кездесуден басқасының бәрін ол боксшы Мексикада өткізген.