Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы анықталды
«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасынан белгілі болғандай, Montreal Casino ойын-сауық кешенінде Жүкембаев жартылай орта салмақтағы 10 раундтық жекпе-жекте 30 жастағы мексикалық Луис Хесус Видалесқа (13-6, 6КО) қарсы өткізеді.
Видалес 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста. Бір кездесуден басқасының бәрін ол боксшы Мексикада өткізген.
Қазақстандық нокаутшы Батыр Жүкембаевтың (15-0, 12 КО) рингке оралатын күннің қашан келетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Жеңіліп көрмеген спортшы 17 мамырда Монреалдағы (Канада, Квебек провинциясы) Montreal Casino-да өтетін бокс кешінің қатысушыларының бірі болмақ. Қазақстан уақыты бойынша айқас 18 мамырда таңертең өтеді.
Жүкембаев соңғы айқасын дәл осы Монреаль қаласында өткізіп, мексикалық Хильберто Месаны (10-5-1, 6 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.