ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 300-дей жүк көлігі жол кептелісінде тұрып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 02.41-де Шыңғырлау ауданы аумағында Самара-Шымкент жолының 489-522 шақырымы аралығында болды.
Ақтөбе облысы шекарасына 4-5 шақырым жетпей, әр жерде 300-дей жүк және 50 жеңіл көлік кептеліп тұрып қалған.
Олар құтқарушылардың ауа райының бұзылатыны жөніндегі ескертуіне қарамастан, жолға шыққан.
Қазіргі кезде кептелісті жою жұмыстары жүргізілуде.
Сағат 09.30-дағы мәлімет бойынша 257 жүк көлігі қалды. Жеңіл көліктер жолға шығып кетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да республикалық жолда көлік қозғалысы шектелгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).