Батыс Қазақстанда 6 жасар бала металл қоршауға қыстырылып қалды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 6 жасар бала металл қоршауға қыстырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: БҚО ТЖД
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 тамыз күні Теректі ауданы Юбилейный ауылында болды.
«Сағат 17.19-да 2017 жылғы баланың металл қоршауға қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел құтқару жасағының құтқарушылары балақайдың үй маңындағы қоршаудан шыға алмай тұрғанын көреді. Құтқарушылар алдымен оны сабырға шақырып, содан кейін арнайы құралдардың көмегімен металл қоршаудан алып шығып, ата-анасына табыстады», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда су қоймасында қайық аударылып, жас жігіттің көз жұмғанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).