ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 қыркүйек күні Бәйтерек ауданы Махамбет ауылында орын алды.
Ә.Молдағұлова көшесі, 24 мекенжайында сағат 21.54-те «Audi B4» автокөлігінің панель бөлігі өртенген. Оны сөндіруге 4 адам 1 техникамен барды.
«Тілсіз жау» сағат 22.54-те ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қос автокөлік соқтығысып, біреуі өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).