Батыс Қазақстанда барлық бағыттағы жолдар жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, ауа райының нашарлауына байланысты өңірде жергілікті сағат 18.45-тен бастап барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Жабылу себебі - қатты тұман, көктайғақ.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындарға хабарлады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да республикалық жол жабылғанын жазған болатынбыз.