Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жолдар жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 27 желтоқсан күні жергілікті сағат 18.00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (Теректі ауданы Подстепный ауылы – Ақтөбе облысы шекарасы) және Орал-Атырау (Орал қаласы – Атырау облысы шекарасы) жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жабылу себебі – боран, жабысқақ қар, көктайғақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылғанын, тағы бір жолда көлік қозғалысы шектелгенін жазған болатынбыз.