ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 1 наурыз күні өңірдің кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сондай-ақ тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал. Облыс орталығы Орал қаласында да осындай ауа райы орын алып, желдің екпіні секундына 17 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.
«Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда», деп хабарлады департаменттен.
Еске сала кетейік, өңірде боранға байланысты бес бағыттағы жолдар жабылды. Сондай-ақ, екі жүкті әйел мінген көлік қар құрсауынан құтқарылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).