ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екі күнде 50 тоннаға жуық пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 23 тамыз күні сағат 16.29-да Сырым ауданы Қоңыр ауылында А.Құнанбаев көшесі 4-мекенжайында 120 шаршы метр қора-қопсы отқа оранды.
Оған қоса 10 тонна пішен жанып кетті. «Тілсіз жау» сағат 22.00-де ауыздықталды.
Сондай-ақ кеше сағат 17.58-де Бәйтерек ауданы Переметный ауылында Приречная көшесі 47-мекенжайында 7 тонна пішен жанды. Өрт 22.01-де сөндірілді.
Бүгін сағат 05.17-де Теректі ауданы Федоров ауылы Юбилейная көшесі 8-мекенжайында қора-қопсы өртеніп, үюлі тұрған 30 тонна шөп күлге айналды. Өрт 07.05-те жойылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да салынып жатқан екі қабатты үй өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).