ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік түйісіп, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментініңбаспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше түс мезгіліндеТеректі ауданы орталығы Федоров ауылы маңында орын алды.
«ФольксвагенПассат» автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Дэу Эсперо» автокөлігімен бетпе-бетсоқтығысқан.
Соныңсалдарынан «Фольксваген Пассат» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қазатапты. Екінші көліктің жүргізушісі Теректі аудандық орталық ауруханасынажеткізілген.
Екікөлікте де жолаушылар болмаған.
Облыстықденсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жарақаттар алған 1980 жылғы ерадам қазір ауруханада, жағдайы тұрақты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).