ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Сенат депутатын сайлау үшін таңдаушылар дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО мәслихатының хатшысы Бибігүл Қонысбаеваның мәлім еткеніндей, таңдаушылардың бірлескен отырысына 185 депутаттың 172-сі немесе 93 пайызы қатысуда.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов комиссияның сайлау алдындағы барлық іс-шараларды заңға сәйкес, мерзімінде атқарғанын жеткізді.
«Облыс бойынша барлығы 8 үміткер өзін-өзі ұсынды. Соның ішінде үшеуі тіркелді», деді Ғ.Қапақов.
Қазіргі кезде депутаттар дауыс беруде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда Сенат депутатын сайлауға 185 таңдаушының қатыспақшы екендігін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).